Иранда коронавирустан 52 000-нан астам адам жазылды
https://itolqyn.com/news/iran-i46353
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирустан 52229 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 16, 2020 18:32 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан 52 000-нан астам адам  жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирустан 52229 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатта елде коронавирустың  төмендеу тенденциясына тоқталып: «Соңғы 24 сағат ішінде диагностикалық критерийлер бойынша Сovid-19 жұқтырған тағы 1606 адам анықталды.  Елде вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 77997 адамға жетті»,- деді.

Жаһанпур соңғы 24 сағатта 92 науқастың көз жұмғанына тоқталып, Иранда коронавирус басталғаннан бері 4869 адам қайтыс болғанын айтты.