Коронавирус дағдарысы кезіндегі жауапсыздық
Иран Сыртқы істер министрі: «Пандемия кезінде Иранға қарсы барынша қысым жасау сияқты ДДСҰ-ға қаржылай көмек беруді тоқтату АҚШ-ты жаманатқа қалдырады»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ДДСҰ-ға көмегін тоқтатқанына реакция білдіріп, Twitter-дегі жеке парақшасында: «АҚШ режимінің зорлықшылдығы, қоқан-лоққысы, әсіре сөйлеуі мен мақтаншақтығы тек тәуелділік қана емес, халықтың өліміне де себеп болып отыр»,-деп жазды.
Қазіргі таңда әлем COVID-19 вирусымен күресіп жатқан шақта жер бетіндегі адамдардың жанын аман сақтап қалу үшін барлық елдің бұл ауруға қарсы жұмыла күресіп, көпқырлылық танытуы бұрынғыдан бетер қажет іс.
Дональд Трамп адамдарды коронавирустан аман алып қалу үшін күндіз-түні әрекет етіп жатқан ДДСҰ-ға қаржылай көмекті тоқтатуы арқылы іс жүзінде тек өзінің саяси мүддесін ойлайтынын, адам құқығының басты принципі, адам жанын сақтаудың АҚШ үшін маңызды емес екенін тағы көрсетті.
Ең ауыр кезеңде, коронавируспен күресіп жатқан шақта ДДСҰ-ға қаржылай көмекті тоқтату – әлем бойынша ауыр салдарлары болатын қатерлі іс.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави АҚШ-тың ең ауыр жағдайда, жаһанды шарпыған алапат аурумен күрес барысында әлемдік денсаулық сақтау шараларын үйлестіретін жалғыз ұйымды жазалағанын айтып, мұны АҚШ-тың жауапсыздығының дәлелі әрі адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.
Шекара танымайтын коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – елдердің жауапты түрде ұжымдық шара қолдануы. Бұл арада ДДСҰ вируспен күрестің алғы шебінде тұр. Бұл ұйымға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Жан-жақты қолдау елдердің ұжымдық жауапкершілігіне жатады.
Дональд Трамп ДДСҰ-ның бюджетін кесу арқылы коронавирус дағдарысы жағдайында халықаралық ұйымдар мен көпжақтылықты әлсірету үшін ештеңеден аянбайтынын тағы көрсетті. Трамптың мұндай қатынасы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен басқа да халықаралық келісімдерден шыққан кезінде байқалды. Бүгінде коронавирус дағдарысы барысында тағы қайталанды.
Халықаралық ұйымдарға көңіл аудармау және халықаралық келісімдерді бұзу Трамп Ақ үйге келген кезден басталды. Өкінішке орай, кейбір халықаралық ұйымдар мен ойыншылардың әрекетсіздігі Трамптың реалистік қатынас ұстанып, тек өзінің мүддесін көздеуіне себеп болды, ал қазір ДДСҰ коронавируспен күресіп жатқан кезеңде оның жұмысына кедергі тудыруға талпыныс жасап жатыр.
Қазір басқа кезден көбірек әртүрлі елдер, әсіресе еуропалық елдер Трампың зорлықшыл әрекеттеріне қатаң қарсы тұрады деп күтіледі. ДДСҰ бюджетіндегі қаржы тапшылығын толтыруға көмектесу керек. Сонда бұл ұйым коронавируспен күресті тоқтаусыз жалғастыратын болады. Сол кезде адамдардың жаны мен денсаулығы кепілдендіріледі.