Иранда коронавирус жұқтырған 54 мыңнан астам адам жазылды
Сәу 17, 2020 19:12 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирус жұқтырған 54 644 адамның сауығып, ауруханалардан шығарылғанын мәлімдеді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатта: «Өткен 24 сағаттың ішінде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 1499 адамның тіркелуімен бұл ауруға шалдыққандардың саны 79494 жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте 89 науқастын өлімімен осы кезге дейін 4958 адам көз жұмды»,- деді.
Тегтер