Иран армиясы коронавируспен күрес майданында халықпен бірге
ИИР армиясы кез келген жағдайда қорғаныс-тежеуіш әлеуеті дайындығын сақтауымен бірге дағдарыс жағдайында халықпен бірге болып, олардың мәселелерін шешуге атсалысуда.
ИИР армиясы жыл сайын 17 сәуір – Армия күні исламдық Иранның түкпір-түпкірінде әскери парад өткізіп, өзінің қорғаныс-әскери саласындағы жаңа жетістіктерін көрсетеді. Бірақ биыл коронавирустың таралуына байланысты елдің барлық жерінде «Отан мен денсаулықты қорғау» ұранымен армияның «қызмет парады» өтті. Армия күні тұсаукесер рәсімі өткен әртүрлі құрылғылар әскери мақсатта және коронавируспен күресу үшін қолданылады. Дезинфекциялатын жүйе, жылжымалы ауруханалар мен арнайы жобаланған көліктер – коронавируспен республикалық деңгейде күресуге арналған жобалар. Парад пен жаттығулар өткізу әлемнің бүкіл армияларының жұмыс кестесінде қарастырылған. Иран армиясы бұл күні өзінің қорғаныс-тежегіш саласындағы жоғары жергілікті мүмкіндігін көрсетті. Иран армиясының тежеуіш негіздеріне сүйенген қорғаныс-әскери әлеуетін заманауиландыру ісі жалғасуда. Иран армиясы негізгі міндетін орындауымен бірге дағдарыс жағдайында Иран халқының қасынан табылуда. Армия күні «Қызмет парадын» өткізу Иран армиясының коронавируспен күрес майданда халықпен бірге екенін көрсетті. Иран армиясының әлемнің басқа армияларынан ерекше өзгешелігі дағдарыс жағдайында халыққа көмектесуінде. Иран армиясының негізі мен философиясы соғысқұмарлық емес, бірақ кез келген ықтималды шабуыл мен қоқан-лоққыға қарсы тұрып, елдің территориялық тұтастығы мен ұлттық мүддесін қорғауда. Коронавирустың таралуымен тұспа-тұс Иран армиясы бүкіл күш-қуатымен COVID-19 вирусымен қарсыласып келеді. Бүгінгі «қызмет парады» – Иран армиясының «коронавирус» деген дұшпанға қарсы халықтың жанын қорғауының айқын көрінісі. Иран армиясы әрқашан халық үшін жанын қиюға дайын және коронавирус пандемиясы, су тасқыны мен жерсілкінісі секілді дағдарысты жағдайларда халықпен бірге. Бұл Иран армиясының соғысқұмар емес, бейбітшілік талап ететінін және халықтың демеушісі екендігінің белгісі.