Лариджани: Иран әрқашан Палестинаның жәбір көрген халқының құқығын қолдайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының басшысы және Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысымен телефон арқылы жеке-жеке сұхбатта Ислам республикасының әрқашан Палестинаның жәбір көрген халқының құқықтарын қолдайтынын қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиемен сұхбатта оның хал-жағдайын сұрағанына ризалығын білдіріп: «Әлем коронавирус пандемиясымен бетпе-бет келіп отырған жағдайда сионистік режимнің осы кезге дейін Газа қоршауын тоқтатпауы, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын жалғастыруы Израиль режимі мен АҚШ режимінің адамзатқа қарсы болмысын дәлелдейді»,- деді. Лариджани палестиналықтардың бірлігін сақтап, сионистердің қылмыстарына қарсы бүкіл мүмкіндікті пайдалану қажеттігін қуаттап: «Коронавирустан кейінгі әлем – халықтардың құқықтары мен адамгершілік негіздерді қайта қарастыру үшін мұрсат. Сондықтан билеп-төстеуші жүйе адами дағдарыстардан өз әрекеттерін өзгертетін сабақ алуы керек»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сондай-ақ, Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахалемен телефон арқылы сөйлескенде исламдық жиһад қозғалысының сионистік режимге қарсы күресі жылдамырақ жеңіске жетуіне үміт білдірді.