Иранда коронавирусқа антидене өндіруге жағдай жасалды
Ирандық зерттеушілердің талпынысымен елде коронавирусқа қарсы иммуноглобулин өндіруге жағдай жасалды.
Антидене – протеиннің бір түрі. Дененің иммунды жүйесінде бұл зат ерекше антигеннің болуына жауап ретінде пайда болып, қан арқылы айналымға түседі.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Ирандағы плазмотерапия жобасының жетекшісі Хасан Абулғасеми елде коронавирусқа қарсы дене өндіруге жағдай жасалғанына тоқталып, қарсыдененің мұндай түрін жасауды ирандық мамандардың идеясы деп атады. Бұл жоба қазір қорытынды кезеңнен өтіп жатыр.
Абулғасеми плазманың тазара түсуі мен оны сақтаудың жеңілдеуін осы жобаның басты артықшылықтарының қатарына жатқызуға болатынын айтып: «Плазма -20 градустан төмен температурада арнайы қалыпта сақталуы керек. Мұндай жағдайда дәріханаларда да сақталынады»,-деді.