Иранда коронавирустан 57 мыңға жуық адам жазылды
https://itolqyn.com/news/iran-i46395
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін Иранда коронавирус жұқтырған 57023 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 19, 2020 19:09 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан  57 мыңға жуық адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін Иранда коронавирус жұқтырған 57023 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елдегі коронавирусқа қатысты соңғы статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 24 сағат ішінде тағы 1343 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Осы күнге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша елде 82211 адам вирус жұқтырды»,-деді.

Жаһанпур, сондай-ақ, өткен 24 сағатта 87 адамның қаза тапқанын, Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 5118 адамға жеткенін мәлімдеді.