Иранда коронавирусқа шалдыққандарды анықтайтын жаңа тәсілдер қолданылуда
(last modified Mon, 20 Apr 2020 03:04:36 GMT )
Сәу 20, 2020 09:04 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандарды анықтайтын жаңа тәсілдер қолданылуда

ИИР Президенті Рухани елде коронавирусқа шалдыққандарды анықтайтын жаңа тәсіл ретінде қарсыдененің сынақтан өткізілгенін хабарлады.

Хасан Рухани жексенбі күні Ұлттық коронавируспен күрес штабының отырысында елде жаңа скрининг жасау жұмыстары басталғанын хабарлап: «Кейбір адамдардың коронавирус сынағы оң нәтиже бергеннен кейін статистика нақтырақ болуы үшін олармен байланыста болған адамдардан да сынақ алынады»,-деді.

ИИР Президенті Ұлттық коронавируспен күрес штабының әртүрлі облыстарда коронавирусқа қатысты статистикалық мәлімет бергеніне тоқталып: «Бұл мәліметтер Иранның вирусты ауыздықтауға жақын қалғанын көрсетеді»,-деді.

Рухани, сондай-ақ, Ираның «Шариф» политехникалық университетінің коронавирусқа қатысты даярлаған қосымшасына тоқталып: «Денсаулық сақтау министрлігінің деректері негізінде құрылған қосымша негізінде қандай адамдардың коронавирусқа шалдығудың «қызыл» немесе «сары» жағдайында тұрғаны және қандай күтім жасау қажеттігі анықталады»,-деді.