Зариф Трамптан басқа елдердің ішкі істеріне араласпауды сұрады
(last modified Mon, 20 Apr 2020 10:42:21 GMT )
Сәу 20, 2020 16:42 Asia/Almaty
  • Зариф Трамптан басқа елдердің ішкі істеріне араласпауды сұрады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президентінің кейбір уәждеріне тоқталып, басқа елдердің ішкі істеріне араласуды доғаруды сұрады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні кешке Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында елде коронавируспен күреске қатысты көптеген қиындықтардың, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығына қарамастан Иран өтініш білдірген жағдайда Теһранға мыңдаған тыныс алу аппаратын жіберетінін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Теһранның ешбір америкалық саясаткермен кеңеспейтінін айтып,Трампқа: «Бар болғаны басқа елдердің, әсіресе Иранның ішкі ісіне араласуды қойыңыз»,-деді.

Зариф, сондай-ақ, Трамптың Иранға тыныс алу аппараттарын жіберу туралы уәждеріне жауапта ИИР-ның өзі бірнеше айдан кейін тыныс алу аппараттарын экспорттайтынын мәлімдеді.