Саттари: Иранда коронавирусты анықтайтын түтікшені көптеп шығару желісі іске қосылды
ИИР Президентінің ғылым және технология бойынша орынбасары Иранда серология тәсілі арқылы коронавирусты анықтайтын түтікшені көптеп шығару желісі іске қосылғанын, елдің күніне 1 млн түтікше шығару мүмкіндігіне ие екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сурена Саттари жексенбі күні кешке Иранның 2-ші телеарнасының «Арнайы хабар» бағдарламасына берген сұхбатында іргелі ғылымға негізделген компаниялардың коронавируспен күреске қатысты жетістіктері жайлы: «Іргелі ғылымға негізделген компаниялардың әртүрлі медициналық құрал-жабдық шығарудағы талпыныстарының арқасында бұл салада импортқа қажеттілік жоқ»,-деді.
Саттари Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялардың өнімдерін экспорттай алатынына тоқталып: «Биыл ирандық компаниялар нарыққа адамдарға арналған 5 вакцина шығарады деп болжанып отыр»,-деді.