Иранда коронавирус жұқтырған 60 мыңнан астам адам жазылды
https://itolqyn.com/news/iran-i46425
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде осы кезге дейін коронавирус жұқтырған 60965 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 21, 2020 18:47 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырған 60 мыңнан астам адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде осы кезге дейін коронавирус жұқтырған 60965 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елдегі коронавирусқа қатысты соңғы статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 24 сағат ішінде тағы 1297 адамның вирус жұқтырғанын, осы күнге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша елде 84802 адамның осы вирусқа шалдыққанын айтты.

Жаһанпур, сондай-ақ, Иранда өткен 24 сағатта 88 адамның қаза тапқанын қосқанда жалпы коронавирустан қайтыс болғандар санының 5297 адамға жеткенін мәлімдеді.