«Нұр» жерсерігінен сигнал келді
https://itolqyn.com/news/iran-i46454-Нұр_жерсерігінен_сигнал_келді
Ислам Революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Иранның көпмақсатты жерсерігінің сәтті ұшырылғанына тоқталып: «Нұр» жерсерігі ұшырылғаннан кейінгі алғашқы минуттарда Захедан мен Чабаһар станцияларынан сигнал келді»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 23, 2020 19:05 Asia/Almaty
  • «Нұр» жерсерігінен сигнал келді

Ислам Революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Иранның көпмақсатты жерсерігінің сәтті ұшырылғанына тоқталып: «Нұр» жерсерігі ұшырылғаннан кейінгі алғашқы минуттарда Захедан мен Чабаһар станцияларынан сигнал келді»,-деді.

Бригада генералы Амир Али Хаджизаде Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «90 минут жерді айналғаннан кейін Иранның солтүстік-батысында «Нұр» жерсерігінен қайта сигнал алдық»,- деді.

Бригада генералы Хаджизаде бұл спутниктің көңіл аударарлық ерекшелігі ретінде тұрақты ғарыш станциясы мен күрделі ұшыру алаңын қажет етпейтінін атап: «Бейметалл корпус технологиясы негізінде қозғалтқыш пен қозғалмалы бүріккіш қолданылып жасалған жерсерік толығымен тактикалық және мобильді түрде жобаланған»,-деді.