Иранда коронавирустан 65000-ға жуық адам жазылды
Сәу 23, 2020 19:12 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі елде 64843 адамның коронавирустан емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде соңғы 24 сағатта тағы 1030 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Диагностикалық көрсеткіштер бойынша, елде Covid-19 жұқтырғандардың жалпы саны 87026 адамға жетті»,-деді.
Жаһанпур, сондай-ақ, соңғы 24 сағатта тағы 90 науқастың көз жұмғанын, коронавирус басталғаннан бері Иранда 5481 адам қайтыс болғанын айтты.
Тегтер