Сардар Хаджизаде: Иран алпауыт елге айналды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: «Қазір Иран алпауыт елге айналды. АҚШ пен одан да мықты елдер Иранға қарсы ештеңе істей алмайды»,-деді.
Бригада генералы Амир Әли Хаджизаде бейсенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында: «Иранның әуе-ғарыш технологиясы дамып келеді. Ешбір елдің Иранға қоқан-лоққы жасауға батылы жетпейді»,-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Иранның Ирактағы «Эйн ул-Асад» америкалық базасына жасаған шабуылына тоқталып: «Иран бұл базаны нысанаға алған күні америкалықтар жауап береді деп күтті, бірақ олардың батылы жетпеді»,-деді.
Сардар Хаджизаде «Нұр» жерсерігінің ғарышқа ұшырылғанына тоқталып: «Әуе-ғарыш қуатына қол жеткізген ел алпауыт елдердің қатарына қосылады. Сол себепті америкалықтардың жан дауысы шықты. Бұл Иран жобасының нәтиже бергенін көрсетеді»,-деді.