Иранда коронавирустан 66000-нан аса адам жазылды
https://itolqyn.com/news/iran-i46470
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 66596 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2020 18:13 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан 66000-нан аса адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 66596 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатта елде коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы есеп жариялап, соңғы 24 сағатта тағы 1168 адамның вирус жұқтырғанына тоқталып: «Диагностикалық көрсеткіштер бойынша, елде 88194 адам Covid-19 вирусын жұқтырды»,-деді.

Жаһанпур, сондай-ақ, соңғы 24 сағатта тағы 93 науқастың көз жұмғанын, коронавирус басталғаннан бері Иранда 5574 адам қайтыс болғанын хабарлады.