Иранда коронавирус жұқтырған 68 мыңнан астам адам жазылды
(last modified Sat, 25 Apr 2020 13:23:48 GMT )
Сәу 25, 2020 19:23 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырған 68 мыңнан астам адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі елде осы күнге дейін шамамен 89000 адамның коронавирусқа шалдыққанын, соның ішінде 68193 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет беріп: «Өткен 24 сағатта  Covid-19 жұқтырған тағы 1134 адам анықталды. Елде диагностикалық критерийлер бойынша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 89328 адамға жетті»,- деді. Жаһанпур соңғы 24 сағат ішінде тағы 76 науқастың көз жұмғанына тоқталып: «Иранда коронавирус басталғаннан бері 5650 адам қайтыс болды»-деді.