40 мемлекет Иранда жасалған коронавирусты анықтайтын тестерді сатып алуға өтініш берді
Ирандағы коронавируспен күресу ұлттық штабының ғылыми комитетінің басшысы Мұстафа Қанеи сәрсенбі күні коронавиурсты анықтайтын тестердің екі түрі бар екеніне тоқталып: «Молекулалық деңгейде анықтайтын тест елдің қажеттілігі. Сондықтан оны экспорттауға рұқсат жоқ. Бірақ антиденелерді анықтайтын ELISA тестер елдің қажеттілігінен артық өндіріледі. Оны экспорттауға рұқсат алынды.
ELISA тестерін өндіретін іргелі ғылымға негізделген ирандық компанияның бірі күн сайын бір миллионнан астам тест шығаратынын мәлімдеді. Елдің қажеттілігі бір миллион тест, сондықтан артығын экспорттайтын мүмкіндік бар»,- деді. Ирандағы коронавируспен күресу ұлттық штабының ғылыми комитетінің басшысы ирандық іргелі ғылымға негізделген компанияның халықаралық деңгейде тест өндіретін компаниялардың қатарына тіркелгеніне тоқталып: «Ғылыми тұрғыдан ELISA тестін өндіру күрделі үдеріс емес. Болжамдар бойынша, алдағы бір жылда олар қажет технологияға ие елдерде өндіріледі. Бірақ коронавирустың таралуынан тек екі ай өткен жағдайда тестердің стандарттарға сай екенін растатып, экспорт рұқсатын алу іргелі ғылымға негізделген ирандық компанияның бәсекелестік артықшылығы»,- деп қуаттады. Қанеи сөзінің жалғасында Иранның коронавирусты зерттеу саласындағы алғашқы бес елдің қатарында екеніне назар аудартып: «Зерттеулердің мақсаты – ем, дәрі немесе вакцина табу»,- деді. Ирандағы коронавируспен күресу ұлттық штабының ғылыми комитетінің басшысы коронавирус саласындағы әлемдік статистика бойынша 500 зерттеу жобасының іске асырылатынына тоқталып: «Иранда бұл салада 250 зерттеу жүргізілуде. Соның ішінде 25 жоба бұл ауруды емдейтін дұрыс емес, дәрі немесе вакцина шығаруға көзделді»,- деп мәлімдеді.