Иранда 75 мыңнан аса адам коронавирустан жазылып шықты
Сәу 30, 2020 18:47 Asia/Almaty
Иран Денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы Киянуш Жаһанпур бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елдегі коронавирус жағдайына тоқталып, өткен 24 сағатта тағы 983 науқас анықталғанын айтып: «Диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, осы күнге дейін Иранда 94640 адам вирус жұқтырды»,-деді.
Жаһанпур, сондай-ақ, өткен 24 сағатта Иранда 71 адамның көз жұмғанын, вирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 6028 адамға жеткенін мәлімдеді.
Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3 млн 232 мыңнан асты. Олардың кемінде 228 мыңы көз жұмды. 1 млн-нан аса адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер