Иран коронавирусқа қарсы арнайы антидене өндірісін бастады
Maм 04, 2020 14:51 Asia/Almaty
Иранның коронавируспен күрес штабының ғылыми комитетінің басшысы елде COVID-19-ға қарсы арнайы антидене өндірісі басталғанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Мұстафа Ғанеи: «Коронавирусқа қарсы антиденені тұрақты түрде сынақтан өткізу жұмыстары бір-екі айға созылады. Бірақ ирандық зерттеушілер антиденені өндірудің бастапқы кезеңінде сәтті әрекет етті»,-деді.
Қазіргі таңда коронавирустан емдеу үшін үш дәрінің қоспасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Иран алдағы үш айда коронавирусты анықтау мен емдеуге маңызды үлес қосатын бес елдің қатарына кіріп отыр»,-деді.
Тегтер