Иран қару-жарақ санкциясының ұзартылуына кесімді жауап береді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпыныс жасап жатқанына тоқталып: «Егер қару-жарақ санкциясы ұзартылса, Иран жағдайға қарай әрекет етіп, тиісті жауап береді.
Америкалықтар қазіргі мақсаттарына жете алмайды, өйткені олардың талабының заңдық негізі жоқ. АҚШ енді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесі емес»,-деп қуаттады.
Мусави, сондай-ақ, Иранның Германияның бір кезде Ирактың Баас режимінің диктаторы болған Саддамға химиялық қару сатылғанына шағым түсіргені туралы: «Саддамның Иран халқына, тіпті Ирактың жапа шеккен халқына қарсы қылмыстарында германдықтардың үлесі көп»,-деді.
Мусави, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобының Ирактағы белсенділіктерінің қайта басталып, осы елдің «Хашд-әш-Шааби» халықтық күштерінің нысанаға алынып жатқанына тоқталып: «Иран Ирактағы өзгерістерді жіті бақылап, бұл елде тәкфирлік, әсіресе даиштік лаңкестердің қайта жанданғанына алаңдап отыр.
Америкалықтар Ирак халқының қысымына ұшырап отыр. Сондықтан ДАИШ-ты нығайту арқылы өздерінің Ирактан шығарылуына кедергі жасауды немесе шығуды кешеуілдетуді көздеп отыр»,-деді.
Мусави Германияның Хезбулланы лаңкестік ұйым деп атағанына тоқталып: «Германдықтардың сионистерге тарихи қарыздары бар. Қазір соны өтеп жатыр»,-деді.