Құдс күні – ғиззатың қорлықтан артықшылығын көрсететін күн
(last modified Wed, 20 May 2020 15:08:10 GMT )
Maм 20, 2020 21:08 Asia/Almaty
  • Құдс күні – ғиззатың қорлықтан артықшылығын көрсететін күн

Имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атауынан бері 41 жыл өтті.

Имам Хомейни діни басшы болды. Сондықтан ол кісінің шешімдерінен әрқашан діни тағылымдардың әсері анық байқалды. Иранның Ислам революциясының негізін қалаушы Палестина мен басқа араб елдері сионистік режимнің алдында дұрыс жағдайға ие болмаған жағдайда Құдс күні деп атау бастамасын ұсынды. Сионистік режимнен бірнеше рет жеңілген араб елдері іс жүзінде панарабизмнен ауытқып, сионистік режим мен оның қолдаушыларына бағынды. Әлемдік деңгейде сондай қолдауға ие болмаған Палестина араб елдерінің сионистік режиммен келісімге келуіне куә болуда. Имам Хомейнидің қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп атауымен бұл жағдай бірте-бірте өзгерді. Имам Хомейни араб басшыларының орнына мұсылман халықтарды Палестина армандарын ұмытпауға, сионистік режимнен қорықпауға және үстемшіл ағымды нысанаға алуға шақырды. Бұл көзқарас бойынша халықтың күшіне сүйенген Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы (ФАТХ), Палестинаның Исламдық жиһад және Ливан Хизболласы құрылды.  Бұл топтардың мақсаты – сионистік режиммен қарсыласу. Бұл қарсыласу сионистік әскерилердің Ливанның оңтүстігінен шығуы, араб әлемінің қоғамдық пікірінің алдындағы Израиль армиясы жеңілмейді деген аңыздың жойылуына, Батыс Азия аймағында «қарсыласу ағымы» деп аталған жаңа ойыншының пайда болуына, аймақтағы құдырет теңгерімінің қарсыласу мүддесіне  өзгеруі  сынды жетістіктерге себеп болды. Батыс Азиядағы қауіпсіздік жағдайқазір 40 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда түбегейлі өзгерді. Бұл жетістіктер Иран Ислам революциясының негізін қалаушының әлемдік Құдс күні деп таныстыруына қарыздар. Құдс күні Палестина мәселесінің еш уақытта ұмытылмауына себеп болды. Құдс күні Батыстың адам құқығы туралы уәждерінің бос сөз екенін көрсетті. Батыс сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына үнсіздік танытты. Қазіргі кезеңде Трамп үкіметі сионистік режимнің мүдделері саласында қадам басқан жағдайда бұл қылмыстарды қолдап отыр.