Иран Жоғары сотының басшысы: Палестина – сол жердің халқының құқығы
Иран Жоғары сотының басшысы Раиси: «Тағдырды анықтау – Палестина халқының құқығы. Әлемде ешбір күш оларды бұл құқықтан айыра алмайды»,-деді.
Сейіт Ибраһим Раиси бүгін бейсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған мәлімдемесінде: «Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қорғаудың мақсаты – әлемдік арман. Мұсылмандардың бірінші құбыласы қасиетті Құдста болғандықтан, бұл мәселе аса маңызды.
Ондаған жыл өтсе де, Палестинаның мақсат-мұраты тірі. Сионистік режим жойылып, Палестина халқының құқығы қамтамасыз етілгенге дейін ол тірі болады. Бұл күндері Батыс елдері осы арманды жою үшін «Ғасыр мәмілесі» сияқты түрлі жобаларды орындап жатса да, Палестинаның табанды халқы бұл арманды қорғауды өзінің міндеті санайды»,-деді.