Maм 25, 2020 16:08 Asia/Almaty

Иранда коронавирус таралғаннан кейін вирусты ауыздықтау мақсатында жабылған имам Реза (ғ.) мен хазірет Фатиманың (с.) кесенелері бүгіннен бастап таңнын атысынан кеш батқанға бір сағат қалғанға дейін зияратшыларды қабылдайды. Бұл қасиетті кесенелерді зиярат ету санитарлық ережелерді сақтай отырып атқарылады.

ИИР Президенті Хасан Рухани өткен сенбіде Ұлттық коронавируспен күрес штабының отырысында елде вируспен күрес үдерісіне тоқталып: «Иран коронавирусқа қатысты  «ауруды нақты анықтау», «коронавирустың қатерлі жағдайы» және «біртіндеп ашу» атты үш кезеңнен өтіп, төртінші кезең, яғни коронавирусты ауыздықтау кезеңіне аяқ басты»,‑деді.

 

Тегтер