Қаң 02, 2024 18:31 Asia/Almaty
  • Бір топ америкалық мұсылман хазірет Резаның (ғ.с.) кесенесіне барды

Иранның Мешхед қаласындағы хазірет Резаның (ғ.с.) кесенесі Америкада өмір сүретін 100 мұсылманнан тұратын топты қабылдады.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мәсіхтің (ғ.с.) туған күні мен Ислам пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Захраның (с.ғ.с.) туған күніне орай хазірет Резаның (ғ.с.) кесенесінде ұйымдастырылған бұл құрметті рәсімде Америка мұсылмандары  қатысты. Қасиетті кесенеде Нью-Йорк Әһл-Бәйт (ғ.с.) қауымдастығы мен көпшілігі үнді, пәкістандық және ливандық бір топ Виржиния  мұсылмандары  болды.

Мешхедтегі имам Реза (ғ.с.) орталығынаң ирандық емес зияратшылар басқармасының статистикасы бойынша, жыл сайын 5-7 миллион шетелдік азамат имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесін зиярат етеді. Олардыың 60 пайызы араб елдерінен, 30 пайызы Үндістан түбегінен, 10 пайызы әлемнің басқа елдерінен (олардың көпшілігі әзірбайжан, ағылшын және испан тілінде сөйлейтіндер).

 

Тегтер