АҚШ режимі тілшілерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр
Иран СІМ қара нәсілді америкалық азаматтың өлтірілуіне наразылардың басып-жаншылуына реакциясында: «АҚШ режимі Джордж Флойдтың өлтірілуіне наразылар жайлы хабар беруді көздеген журналистерді қорқытып, аузын жабуға тырысып жатыр»,-деп мәлімдеді.
Иран СІМ сейсенбі күні Твиттердегі жазбасында: «Мәліметтерге сәйкес, АҚШ полициясы журналистерге 100-ден аса шабуыл жасаған»,-деп жазды.
Иран СІМ әлем халқының АҚШ-тағы оқиғаларды бақылап отырғанын айтып: «Бункерге тығылған АҚШ Президенті Дональд Трамп наразыларды басып-жаншуға тырысумен бірге журналистерді алшақ ұстауды көздеп отыр»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жазбасында әскери басып-жаншу туралы сес көрсетілгенін, АҚШ қалаларының шерушілер мен ақпарат құралдарына қарсы қатігездік алаңдарына айналғанын айтып: «Батыс емес қоғамдар туралы жылдам пікір білдіретін Еуропа осы жолы толық үнсіздік сақтауда»,-деп жазды.