Имам Хомейнидің ойлары – әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізі
Ислам революциясының Сақшылар корпусы: «Үстемшіл жүйе мен сионизмнің сұрқия мақсаттарына керісінше, имам Хомейнидің ойлары әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізіне айналды»,-деп мәлімдеді.
Сақшылар корпусы сейсенбі күні мәлімдеме жасап, ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуын атап өтіп: «Имам мұсылмандар арасындағы бірауыздылық, бірлік пен біртұтастықты үстемшілдерге қарсы майданның құрылуына бастама және ислам әлеміне іріткі салып, алшақтық тудыруды көздейтін дұшпандарға қарсы стратегиялық құрал санаған. Дұшпандарға, әсіресе АҚШ-тың лаңкес әрі диктатор режиміне қарсы тұру және табандылық таныту майданы аймақ географиясынан тысқары жерлерге таралып, адамзатқа үстемшілдіктен құтылуға үміт сыйлады»,-деді.