Имам Хомейнидің ойлары – әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізі
https://itolqyn.com/news/iran-i47016-Имам_Хомейнидің_ойлары_әлемнің_түкпір_түкпірінде_үстемшілдікке_қарсы_табандылық_пен_оянудың_негізі
Ислам революциясының Сақшылар корпусы: «Үстемшіл жүйе мен сионизмнің сұрқия мақсаттарына керісінше, имам Хомейнидің ойлары әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізіне айналды»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 03, 2020 17:48 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің ойлары – әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізі

Ислам революциясының Сақшылар корпусы: «Үстемшіл жүйе мен сионизмнің сұрқия мақсаттарына керісінше, имам Хомейнидің ойлары әлемнің түкпір-түкпірінде үстемшілдікке қарсы табандылық пен оянудың негізіне айналды»,-деп мәлімдеді.

Сақшылар корпусы сейсенбі күні мәлімдеме жасап, ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болғанына 31 жыл толуын атап өтіп: «Имам мұсылмандар арасындағы бірауыздылық, бірлік пен біртұтастықты үстемшілдерге қарсы майданның құрылуына бастама және ислам әлеміне іріткі салып, алшақтық тудыруды көздейтін дұшпандарға қарсы стратегиялық құрал санаған. Дұшпандарға, әсіресе АҚШ-тың лаңкес әрі диктатор режиміне қарсы тұру және табандылық таныту майданы аймақ географиясынан тысқары жерлерге таралып, адамзатқа үстемшілдіктен құтылуға үміт сыйлады»,-деді.