Генерал-майор Салами: АҚШ-тың гегемондық символдары күйреу қарсаңында
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы әлем елдері қатынасының өзгеріп жатқанын айтып: «АҚШ-тың өзін әлемге таныстыру үшін қолданатын барлық символдары күйреп жатыр»,-деді.
Генерал-майор Хосейн Салами дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың тез арада құлдырайтынына тоқталып: «АҚШ өзін әдемі сөздермен таныстырғанымен бұл елдің қоғамында көптен бері тұншықтырылып келген ауыр шындықтар әшкере болып жатыр.
Америкалықтар өз жерін адам құқығының мерейі асқан азаттық мекені санайтын, бірақ бұл символдардың бәрі құлап, бүкіл мән-мағынасы реңінен айырылды»,-деді.
Генерал-майор Салами ирандық кемелердің халықаралық сулар арқылы Парсы шығанағынан Венесуэлаға дейін баруының ИИР-ның ерік-жігерін шыңдап, абыройын асқақтатқанын айтып: «Бүгінде Иран халқы мерейі үстем болып, қиындықтарды еңсеріп келеді",-деді.