«Еуропа үштігі» негізсіз алаңдаудың орнына «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағаны жөн
Маусым 18, 2020 16:33 Asia/Almaty
ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Ваези сәрсенбі күні «Еуропа үштігінің» «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранның ядролық жұмыстары туралы жаңа мәлімдемесін сынады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Махмұд Ваези осы мәлімдемеге реакциясында: «Еуропалықтар негізсіз алаңдаудың орнына және АҚХА АҚШ-тың қысымдарына мойынұсынуға итермелеп, Иранға қарсы саяси және кемсітушілік сипаттағы қатынасын жалғастырудың орнына «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қағаз жүзінде қалған өз міндеттемелерін орындағаны жөн»,-деді.
Германия, Франция және Ұлыбритания сейсенбі күні «шынайылықты тексеру және АҚХА Басқарма кеңесін бақылау» деген уәжбен мәлімдеме жасады.
Тегтер