Еуропаның үш мемлекеті Иран дұшпандарының қылмысына серіктес болмауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i47217
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Twitter-дегі жолдауында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Басқарма кеңесінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұшпандарына Иранның мүдделерін қатерге тіреуіне рұқсат бермеуді және еуропалық үш мемлекеттен олардың қылмысына серіктес болмауды сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 19, 2020 16:12 Asia/Almaty
  • Еуропаның үш мемлекеті Иран дұшпандарының қылмысына серіктес болмауы керек

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Twitter-дегі жолдауында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Басқарма кеңесінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұшпандарына Иранның мүдделерін қатерге тіреуіне рұқсат бермеуді және еуропалық үш мемлекеттен олардың қылмысына серіктес болмауды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Twitter-дегі жолдауында: «АҚХА Басқарма кеңесі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұшпандарына Иранның мүдделерін қатерге тіреуге рұқсат етпеуі керек. Германия, Британия және Франция іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаған соң қылмысқа серіктес болмауы керек»,- деп жазды. Зариф ИИР-ның жасыратын нәрсесі жоқтығын қуаттап: «Өткен бес жылда Иранда жасалған тексерістер АҚХА тарихындағы бүкіл тексерістен артты. Келісім арқылы шешім жолын табуға болады, бірақ Басқарма кеңесіндегі Иранға қарсы қарар оны жояды»,- деді.