Маусым 21, 2020 19:54 Asia/Almaty
  • Иран Францияның ядролық баллистикалық зымыранды сынауына алаңдаушылық  білдірді

ИИР СІМ-ның ақпарат хатшысы Францияның ядролық баллистикалық зымыранды сынауын бұл елдің ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасындағы (NPT) міндеттемелеріне қайшы деп атады.

Сейіт Аббас Мусави сенбі күні Франция Теңіз күштерінің ядролық оқтұмсық тасымалдау қабілетіне ие құрлықаралық баллистикалық зымырандардың жаңа буынына жататын бір зымыранды атқанына алаңдаушылық  білдіріп: «Бұл шара NPT хаттамасының 6-бабы мен Францияның ядролық қарусыздануға қатысты міндеттемелеріне қайшы»,-деді.  

Франция Қорғаныс министрі Флоренс Парли 12 маусымда елдің солтүстік-батысындағы Финистер жағалауындағы бір ядролық сүңгуір қайықтан М51 стратегиялық баллистикалық зымыранының сынақтан өткізілгенін хабарлады.

М51 баллистикалық зымыранының ұзындығы 12 метр. Ол 10 ядролық оқтұмсық тасымалдай алады.

 

Тегтер