Еуропаға керісінше, Ирандағы яһудилер қауіпсіздік тұрғысынан жақсы қорғалған
Ирандағы яһудилердің бас раввині осы елде тұратын яһудилердің қауіпсіздігі жақсы қорғалғанын айтып: «Еуропаға керісінше, Иранда яһудилердің мектептері мен ғибадатханаларын қорғау үшін қауіпсіздік күштері қажет емес»,-деді.
Яһуда Герами америкалық Al-Monitor ақпарат сайтына жексенбі күні берген сұхбатында Иранның әртүрлі қалаларында 25 мыңға жуық яһудидің өмір сүретінін айтып: «Бұл елде яһудилердің діни белсенділіктері ешқандай шектеусіз ерікті түрде атқарылады.
Иран мұсылмандары елде тұратын яһудилерге құрметпен қарайды»,-деді.
Ирандағы яһудилердің бас раввині, сондай-ақ, сионистік режимнің яһудилердің өкілі емес екенін айтып: «Израильдің Министрлер кабинеті атқарып жатқан шараларымен яһуди дінінен өте алшақтап кеткенін көрсетіп отыр»,-деді.