Рухани: АҚХА өз тәуелсіздігін сақтауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i47282
ИИР Президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарына тоқталып: «АҚХА өз тәуелсіздігін сақтап, АҚШ пен сионистік режимнің қысымына бола өзінің заңды жолынан шықпауы керек»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 24, 2020 19:14 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚХА өз тәуелсіздігін сақтауы керек

ИИР Президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарына тоқталып: «АҚХА өз тәуелсіздігін сақтап, АҚШ пен сионистік режимнің қысымына бола өзінің заңды жолынан шықпауы керек»,- деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкімет отырысында: «Сионистік режим мен АҚШ шамамен 20 жыл бұрынғы тақырыпты қозғап, АҚХА негізгі міндетінен тайдырғысы келеді»,- деді. Рухани, сондай-ақ, АҚХА-нің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығы жөніндегі есептерін еске салып: «Иран бұрынғыдай Агенттіктің заңды бақылауын қабылдап, Агенттікпен жақын ынтымақтастық жасауға дайын»,- деп мәлімдеді. Рухани сонымен бірге америкалықтардың Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәждері мен үгіт-насихаттарына қатысты: «Теһран бұл сыпайлықтың негізсіз екенін және америкалықтардың оны елдегі сайлау науқаны және қиындықпен бетпе-бет келіп отырғандықтан айтатынын біледі»,- деді.