Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына саяси соққы жасалса, Иран қатаң шара қолданады
(last modified Wed, 01 Jul 2020 09:27:15 GMT )
Шіл 01, 2020 15:27 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына саяси соққы жасалса, Иран қатаң шара қолданады

ИИР Президенті Теһранның үнемі саяси, құқылық және ахлақи міндеттемелеріне табанды болғанына тоқталып, мерикалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына саяси соққы жасаса, Ислам республикасы қатаң шара қолданатынын қуаттады.

 

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында   АҚШ-тың қазіргі үкіметінің билік басына келуінен үш жарым жыл өткеніне тоқталып: «Америкалықтар экономикалық салада жетістіктерге жеткендері туралы айтқандарымен, саяси, құқылық және ахлақ тұрғыларынан өткен үш жарым жылда  сан рет сәтсіздікке ұшырады»,- деді.

Рухани сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің кеңестің кешегі отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен №2231-ші қарарды қолдауы АҚШ-тың ИИР-ның алдында саяси сәтсіздікке ұшырағанынын белгісі деп тауып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған елдер келісімдегі бүкіл міндеттемелерін орындаған кез келген күні Теһран өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,- деп мәлімдеді.