Рухани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына саяси соққы жасалса, Иран қатаң шара қолданады
ИИР Президенті Теһранның үнемі саяси, құқылық және ахлақи міндеттемелеріне табанды болғанына тоқталып, мерикалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына саяси соққы жасаса, Ислам республикасы қатаң шара қолданатынын қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында АҚШ-тың қазіргі үкіметінің билік басына келуінен үш жарым жыл өткеніне тоқталып: «Америкалықтар экономикалық салада жетістіктерге жеткендері туралы айтқандарымен, саяси, құқылық және ахлақ тұрғыларынан өткен үш жарым жылда сан рет сәтсіздікке ұшырады»,- деді.
Рухани сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің кеңестің кешегі отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен №2231-ші қарарды қолдауы АҚШ-тың ИИР-ның алдында саяси сәтсіздікке ұшырағанынын белгісі деп тауып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған елдер келісімдегі бүкіл міндеттемелерін орындаған кез келген күні Теһран өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,- деп мәлімдеді.