Ислам революциясы жетекшісі ХАМАС-тың саяси бюросы басшысының хатына жауап берді
(last modified Mon, 06 Jul 2020 13:39:53 GMT )
Шіл 06, 2020 19:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі ХАМАС-тың саяси бюросы   басшысының хатына жауап берді

Ислам революциясы жетекшісі ХАМАС-тың саяси бюросы басшысының Палестинаның соңғы өзгерістері туралы хатына берген жауабында Иранның бұл елдің езілген халқын қолдап, заңсыз сионистік режимнің құлдырауын қуаттады.

 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи  дүйсенбіде басылып шыққан Исмаил Ханиеге жолдаған хатында Палестинаның қарсыласу ағымының исламдық үмбеттің ерік-жігері мен ғиззатына себеп болған АҚШ пен сионистік режимнің қастықтарына қарсы әрекеттеріне алғысын айтып: «Орыны толмас шығын көрген дұшпан өзінің билеп-төстеу саясатын іске асыру және палестиналықтардың құқыларын әлсірету үшін басынан бастап, Газаға экономикалық қысым көрсету және қоршауға алу арқылы  бітімге келуге мәжбүрлеуді қарастыруда. Қарсыласу ағымы мен Палестинаның батыл халқы қисыны, ақылы және тәжірибесімен дұшпанның қоқан-лоққыларын заласыздандырып, бұрынғысындай өз табандылығымен ғиззат жолын жалғастырды»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі өз хатында дұшпанның сұм жобаларын залалсыздандыру үшін Палестина халқы мен палестиналық топтардың қырағылығы, бірлігі мен біртұтастығының қажеттілігін қуаттап: «Ислам республикасы бұрынғыдай діни және адами міндеттері және Ислам революциясы құндылықтарына сүйеніп, Палестина халқын қолдауды жалғастырып, олардың құқыларын қорғау және керісінше заңсыз сионистік режимнің қылмыстарын жоюға бүкіл талпынысын жасайды»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер