Зариф: Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болулары керек
Иран Сыртқы істер министрі Ислам республикасының өткен 40 жылда қатаң санкциялармен бетпе-бет келгеніне тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы еуропалықтардың мүддесіне екенін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні видео форматта өткен Жерорта теңізі диалогы (MED 2020) отырысында Теһран үшін АҚШ-тың келешек сайлауында кімнің жеңіске жететіні маңызды емес екеніне назар аудартып: «Вашингтон Иранға байланысты әрекетін өзгертуі керек. АҚШ-тың келешек үкіметі елінің қазіргі үкіметінің Иран халқына келтірген шығындарына жауапты болуы қажет»,- деді. Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы қару санкциясының күшінің жойылуының алдын алуға талпынуы туралы: «Бұл мәселе жөнінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында келісімге келінді. Сондықтан ешбір адам оны өзгерте алмайды»,- деп мәлімдеді. Зариф АҚШ-тың әскери қаруын әртүрлі елдерге сатуы әлемдегі тұрақсыздық пен тынышсыздықтарды күшейтетін себептердің бірі деп тауып: «АҚШ-тың жыл сайын Сауд Арабиясына сататын қаруының бағасы Иранның бүкіл қорғаныс-әскери бюджетінен үш есе артық»,- деді.