Зариф: Сребреницадағы геноцидке Еуропаның негізгі міндеттерін орындамауы себеп болды
Иран Сыртқы істер министрі Сребреницадағы геноцидтің Еуропа негізгі міндеттерін орындамаған жағдайда басталғанын мәлімдеді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter-дегі парақшасында осыдан 25 жыл бұрын орын алған Сребреница геноцидіне тоқталып: «Еуропа ширек ғасыр өткенімен ұқсас дәрменсіздікке шалдығуда. БҰҰ-ның сол кездегі шара қолданбауы бүгінгі күн үшін сабақ болуы керек»,- деп жазды.
Тұрғындарының көбін мұсылмандар құрайтын және БҰҰ голландиялық әскерилерінің қорғауына алынған қауіпсіз аймақ саналған Сребреница қаласы 1995 жылдың 11 шілде күні БҰҰ күштері ешбір қарсылық білдірмеген жағдайда Ратко Младич басқарған күштермен басылып алынып, 8 мыңнан астам халқы қырылып-жойылды. Қазіргі кезге дейін кейбір адамдардың мәйіттері табылмады.