«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылған күні Иран мәлімдеме жасады
ИИР Сыртқы істер министрлігі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылған күннің (2015 жылдың 14 шілдесі) бесінші жылдығында Теһранның шектен тыс талаптар мен жауапкершіліксіздікке қатаң қарсы екенін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні өз мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының өзінің бесінші жылдығында шынайы қатермен бетпе-бет келгеніне тоқталып: «Егер халықаралық қауымдастықтың тарапынан бұл келісімнің теңгерімді және мақсатты түрде орындалуын қамтамасыз етуі үшін қамқорлық жасалмаса, бұл келісім АҚШ үкіметінің біржақты көзқарасының тағы бір құрбаны болуы мүмкін»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігі келісімнің халықаралық, құқықтық, техникалық, стратегиялық және саяси капиталының АҚШ-тың жойқын заңсыз әрекеттерінен зардап шеккеніне назар аудартып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қалған мүшелері келісімнің қазіргі жағдайы №2231 қарардың үнемі бұзылуы және АҚШ-тың заңсыз біржақты түрде келісімнен шығуына байланысты деп санайды»,- деп мәлімдеді. Мәлімдеменің келесі бөлімінде Теһранның бұл келісімдегі анық және сенімді қалыптастыратын ерікті әрекеттерді жүзеге асыру ізгі ниетін еске салып: «Өкінішке орай ИИР санкцияларды алып тастаудың экономикалық пайдасын көрмес түгілі, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұшпандарының кейбіреулері бұл келісімнің күшін толық жою үшін оған қарсы істі қайта жаңғыртқысы келеді»,- деп айтылды. Мәлімдеменің жалғасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған кейбір мүшелерінің АҚШ-тың қастықтарын қолдауларына алаңдаушылық білдіріп: «Иран келіссөздерді қайтадан бастау мен санкцияларды алып тастау тәртіпті өзгертуді қабылдамайды. Иран қатаң жауап қайтарады», -деп қуатталды.