БҰҰ Йеменнің қорлық көрген балалары мен әйелдерін қорғау үшін шара қолдануы қажет
(last modified Sun, 19 Jul 2020 18:37:28 GMT )
Шіл 20, 2020 00:37 Asia/Almaty
  • БҰҰ Йеменнің қорлық көрген балалары мен әйелдерін қорғау үшін шара қолдануы қажет

Иран әділет министрлігінің адам құқықтары министрінің орынбасары әрі Бала құқықтары туралы конвенция жөніндегі ұлттық хатшысы БҰҰ-ның Йемендегі азап шеккен балалар мен әйелдерді қорғау үшін шешімін қабылдау қажеттігін қуаттады.

 

БҰҰ-ның Сауд Арабиясын балалар құқыларын бұзушылар тізімінен алып тастауынан бір ай өткеннен кейін саудиялық әскери ұшақтар өткен сәрсенбіде Йеменнің әль-Джауф облысында үйлену тойын нысанаға алып, 25-тен атам жазықсыз әйел мен баланы өлтірді.

 Махмуд Аббаси сенбі күні саудиялықтардың қылмыстарына реакция білдіріп: «№2532-ші қарар коронавирус пандемиясы жағдайда жеке және қоғамдық дұшпандықты тоқтату қажеттілігін қуаттады. Біраө өкінішке орай саудиялық үкіметтің жазықсыз әйелдер мен балаларға қарсы шабуылдары жалғасуда. Қазіргі кезге дейін БҰҰ Бас хатшысы мен елшілері  және басқа мүшелері бұл рақымсыз шабуылдарды тоқтату үшін шара қолданбады»,- деді.