Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі басталды
Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар(с.ғ.с.)-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі сейсенбі күні Хормозган облысындағы Ормуз бұғазының батысы, Парсы шығанағы мен құрлықта осы корпустың теңіз және әуе-ғарыш күштерінің қатысуымен басталды.
Sepah News-тің хабарлауынша, осы әскери жаттығудың қорытынды кезеңінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз және әуе-ғарыш күштерінің зымырандық бөлімшелері, кемелері, ұшқышсыз ұшақтары мен радарлары түрлі сценарийлерді пысықтайды.
Бұл жаттығуда бірінші рет «Нұр» жерсерігінен жіберілген суреттерді пайдаланып, аймақты бақылау амалдары атқарылатын болады.
«Нұр» жерсерігі ИИР-ның алғашқы әскери жерсерігі ретінде Сақшылар корпусы тарапынан 2020 жылдың 22 сәуірінде «Ғасед» үш кезеңдік жерсерік тасығыштың көмегімен елдің орталық шөлінен ұшырылып, Жерден 425 км қашықтықтағы орбитаға шығарылған болатын.