Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i47698-Сақшылар_корпусының_Ұлық_Пайғамбар_14_атты_бірлескен_әскери_жаттығуының_қорытынды_кезеңі_басталды
Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар(с.ғ.с.)-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі сейсенбі күні Хормозган облысындағы Ормуз бұғазының батысы, Парсы шығанағы мен құрлықта осы корпустың теңіз және әуе-ғарыш күштерінің қатысуымен басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 28, 2020 19:39 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі басталды

Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар(с.ғ.с.)-14» атты бірлескен әскери жаттығуының қорытынды кезеңі сейсенбі күні Хормозган облысындағы Ормуз бұғазының батысы, Парсы шығанағы мен құрлықта осы корпустың теңіз және әуе-ғарыш күштерінің қатысуымен басталды.

Sepah News-тің хабарлауынша, осы әскери жаттығудың қорытынды кезеңінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз және әуе-ғарыш күштерінің зымырандық бөлімшелері, кемелері, ұшқышсыз ұшақтары мен радарлары түрлі сценарийлерді пысықтайды.

Бұл жаттығуда бірінші рет «Нұр» жерсерігінен жіберілген суреттерді пайдаланып, аймақты бақылау амалдары атқарылатын болады.

«Нұр» жерсерігі ИИР-ның алғашқы әскери жерсерігі ретінде Сақшылар корпусы тарапынан 2020 жылдың 22 сәуірінде «Ғасед» үш кезеңдік жерсерік тасығыштың көмегімен елдің орталық шөлінен ұшырылып, Жерден 425 км қашықтықтағы орбитаға шығарылған болатын.