Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын жою – ядролық келісімнің маңызды міндеттемелерінің бірі
https://itolqyn.com/news/iran-i47716
ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын жоюдың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды міндеттемелерінің бірі екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 30, 2020 18:58 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын жою – ядролық келісімнің маңызды міндеттемелерінің бірі

ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын жоюдың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды міндеттемелерінің бірі екенін айтты.

Махмұд Ваези сәрсенбі күні Твиттерде: «АҚШ басшыларының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Иранға қару-жарақ сату санкциясына қатысты өз еркін таңуға бағытталған соңғы талпыныстары халықаралық қауымдастықтың басты принциптерін бұзу ғана емес, олардың дауыс беріп, саяси ерік білдіру еркіндігіне құрметсіздік болып табылады»,-деді.

Ваези «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалудың 4+1 тобының міндеті екенін айтып: «Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын жою – ядролық келісімнің маңызды міндеттемелерінің бірі. Онсыз бұл келісім сақталмайды»,-деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қарамастан, АҚШ осы күндері қару-жарақ санкциясын жоюды қатерлі деп көрсетіп, оның күшін жоюдың алдын алуға талпынып жатыр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес, Иранға қару-жарақ сатуға салынған тыйым 2020 жылдың 18 қазанында күшін жояды.