Ислам революциясының жетекшісі Бейрут оқиғасына байланысты көңіл айтты
Там 06, 2020 16:27 Asia/Almaty
Хазірет аятолла Хаменеи Бейрут айлағында болған жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтты.
KHAMENEI.IR ақпарат сайтының Твиттердегі жеке парақшасында жарияланған Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің жолдауында: «Бейрут айлағында болған жарылыста көптеген адам қаза тауып, жараланып, елге орасан зор шығын әкелінді. Осындай жағдайда біз Ливан халқына тілеулестік білдіріп, олардың қасынан табыламыз»,-делінген.
Ислам революциясының жетекшісі: «Осы оқиғаға қатысты сабырлық сақтау Ливан мақтаныштарының алтын парағы болмақ»,-деп қуаттады.
Тегтер