Рухани: Иранда коронавирусқа қарсы дәрі мен вакцина өндіру жолында маңызды қадамдар жасалды
Там 12, 2020 17:02 Asia/Almaty
ИИР Президенті сейсенбі күні елдің мемлекеттік және қоғамдық мекемелері мен іргелі ғылымға негізделген компанияларда дәрі мен вакцина жасау саласында еңбек етіп келе жатқан басшылардың бір тобымен өткізген жиналысында елде түрлі тәсілдерді пайдаланып, коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жолында атқарылған шаралар жайлы есептерге тоқталып:
«Иран әлемнің дамыған елдерінен қалыспай, коронавирусқа қарсы дәрі мен вакцина өндіру жолында маңызды қадамдар жасады»,-деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі Саид Намаки: «Иран коронавирусқа қарсы вакцина өндіруде жоғары сатыға жетті. Қазір вакцинаны жануарларға тестілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді.
Тегтер