Рухани: АҚШ ядролық келісімнен шығу арқылы бірнеше елмен ұжымдық келісімге келу принципін бұзды
Там 17, 2020 19:35 Asia/Almaty
Иран Президенті: «АҚШ-тың қазіргі басшысы Иран халқына қарсы ең ауыр қылмыстар жасады»,-деді.
Хасан Рухани жексенбі күні үкімет жиналысында Сыртқы істер министрінің баяндамасын тыңдап, АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарын бекітуде масқара жеңіліске ұшырағанын естігеннен кейін: «АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, заңсыз санкцияларды қайта салу арқылы тек Иран халқының құқықтарына қол сұғып қойған жоқ, бірнеше елмен ұжымдық келісімге келу принципін де бұзды»,-деді.
Рухани АҚШ режимінің кейбір қылмыстарына тоқталып: «АҚШ үкіметі асқан бетпақтықпен сардар Қасым Солейманиге террор жасап, жауапкершілігін өз мойнына алды»,-деді.
Тегтер