Иранда коронавирусты жылдам анықтайтын құралдың тұсаукесер рәсімі өтті
Теһран университетінің зерттеушілері науқастың қақырығынан оның COVID-19-қа шалдыққан-шалдықпағанын анықтайтын құрал жасап шығарды.
Теһран университетінің компьютер және электр инженериясы факультетінің нанобиоэлектроникалық құралдар зертханасының зерттеушісі Мұхаммад Абдулахад осы ғылыми жетістікті таныстыру рәсімінде: «Коронавирусқа шалдыққан адамдарда аурудың белгілері байқалмаған күннің өзінде қақырығындағы белсенді оттегі түрлерінің деңгейі өзгереді. Бұл сезгіш құрал осы көрсеткішті пайдаланып, аурудың бар-жоғын анықтайды»,-деді.
Ол осы технологияны дамыту және коммерцияландыру туралы: «Бұл жоба коммерциялану кезеңін бастан өткеріп жатыр. Жаппай өндіру сатысына жетті. Осы күнге дейін бұл құралдың жұмысы Теһранның бірнеше ауруханасындағы 600-ден аса науқасқа тексеріліп, оң нәтиже берді»,-деді.
Ирандық зерттеуші: «Аталмыш құрал тек COVID-19-ды анықтап қоймайды, тыныс жолдары ауруларын анықтауға да пайдаланыла алады»,-деді.