Зариф: Ашураның жалыны әлемнің азат адамдарының жүректерінде өшпейді
Иран Сыртқы істер министрі мұхаррам айы мен имам Хұсейнді (ғ.с.) аза тұтуға арнаған жеке жолдауларында араб және ағылшын тілінде Ашура жалыны еш уақытта әлем мұсылмандары мен азат адамдарының жүрегінде өшпейтін тарихи сабақ екенін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Ғасырлар бойы адамзат жыл сайын имам Хұсейннің (ғ.с.) шәһид болған күнің еске алып, аза тұтады. Ашура әдем мұсылмандары мен азат азаматтарына зорлық-зомбылық пен билік үстемдігіне қарсы тұруды үйретті»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ басқа жолдауында ағылыш тілдестерге: «60 жылдан бері миллиондаған мұсылмандар имам Хұсейннің (ғ.с.) шәһид болғанын ұмытпады»,- деп мәлімдеді.