Санкциялардың күшейгеніне қарамастан Иранның қорғаныс өнеркәсібі қарқынды дамуда
ИИР Қорғаныс министрінің қатысуымен Бөлшек жасау қозғалысының көрмесінде жергіліктендірілген түрлі кемелердің беріліс қорабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Генерал-майор Амир Хатами бейсенбі күні санкциялар заманында осындай құнды жетістіктің ашылу рәсімінде: «Өндірістік серпіліс және қорғаныс құралдарын жергіліктендіруге көңіл бөлу» жылында елдің Қорғаныс министрлігінің теңіз өнеркәсібі ұйымы кеменің беріліс қорабын жасап шығарды»,-деді.
Иранда әскери және әскери емес өнеркәсіп салаларының өндірістік әлеуеті зор. Ол құдірет тудыратын маңызды тақырыптардың бірі. Ішкі күш-қуатқа сүйенген елдің өз-өзіне сенімі артады. Елдің әскери және әскери емес күш-қуаты жергіліктендірілген сайын тежегіш қуаты артады. Бүгінде Иранның әскери және әскери емес өнеркәсіп салалары орасан зор өндірістік әлеуетке ие бола отырып, түрлі салаларда, соның ішінде теңіз өнеркәсібінде құдірет тудыруды жергіліктендірді. Кеменің моторы, беріліс қорабы мен қозғалтқыш кешендер жасау санкция жағдайындағы Иран үшін құнды жетістіктер саналады.
ИИР Қорғаныс министрі Амир Хатамидің айтуынша, қорғаныс жүйесіне салынған санкциялар жергілікті әлеует пен қабілетке сүйеніп, түрлі салаларда әскери және әскери емес өнімдер шығаруға жағдай жасады.
Бөлшек жасау қозғалысының көрмесі ИИР Қорғаныс министрлігінің күш-қабілетін көрсетуге арналған. Жергілікті білімге сүйенген бұл ведомство елдің әскери және әскери емес салалардағы қажеттіліктерін өтеуде маңызды рөл ойнайды.
Қорғаныс саласына қажетті бөлшектердің саны – 48 мың. Осы күнге дейін 38 мың бөлшек жергіліктендірілді. Бөлшек жасау қозғалысы ауыр санкциялық жағдайда да елдің өндірістік желісінің тоқтамайтынын және шетел валютасының сыртқа шығарылуына тосқауыл қойылатынын көрсетеді. Қорғаныс бөлшектері жергіліктендірілген бір жылдың ішінде 200 млн-нан аса доллар үнемделді.
Бүгінде Иранның қорғаныс саласындағы ең қажетті құралдары – түрлі зымырандардан бастап кеме мен сүңгуір қайыққа дейін ирандық мамандардың қолымен жасалады.