Рухани: АҚШ Иранға қарсы мақсаттарына жетпейді
ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы залым санкциялар енгізу әрекетіне тоқталып, америкалықтардың өз мақсаттарына жетпейтіндерін қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында АҚШ-тың экономикалық қысым мен санкциялар арқылы Иран халқын бағындыра алады деп ойлағанына тоқталып: «Америкалықтар өз мақсаттарына жете алмады, сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі, әлем деңгейінде және тіпті өз халқының алдындағы абыройынан айырылды»,- деді. Рухани дұшпандардың Иран халқының мүдделеріне қарсы кең ауқымды үгіт-насихат жүргізу үшін жалған ақпарат арналарды іске қосқандарын мәлімдеп: «Бұл ақпарат құралдар мен арналар кн сайын әртүрлі сылтаулармен алаңдаушылық тудырып, әртүрлі нарықтарды дүрілдетеді. Бірақ Иран халқының қырағылығымен олар әшкереленіп, қатаң жауабымен бетпе-бет келді»,- деп сөзін жалғады.